«Наурыз мерекем-Наурыз берекем!» » Специализированный комплекс "Жанұя"
Алматы қаласы Білім басқармасының
мамандандырылған «Жанұя» кешені
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 291-16-68
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-38-86
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Наурыз мерекем-Наурыз берекем!»
16
наурыз
2023

«Наурыз мерекем-Наурыз берекем!»

     Міне жаңа өмірдің, қайта басталатын күн есебінің басы, көктемнің көш басшысы ұлыстың ұлы күні наурызда келіп қалды. Наурыз – қазақ халқы үшін береке-бірліктің, ел-жұрт, ағайын-туыс арасындағы татулықтың, ерен еңбектің, жаңарған тіршіліктің ұлы символы. Күттіріп келген жыл басы Бізбен бірге жырлашы. Дастарханға елімнің, Береке, ырыс сыйлашы. Ата бабам тойлаған, Наурызым, армысың!-дей отырып сіздерді Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!  
   Әз Наурыз еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ынтымақ пен ырыстың мерекесі екендігін және қазақ халқының шығармашылық дәстүрлері, ауыз әдебиетінің мұраларымен таныстырып, олардың тарихи маңызын түсіндіру. Халқымыздың салт-дәстүрлерін дәріптеу арқылы балаларды еліне,жеріне деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Баршаңызды ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!. Жер жаһанға шуағын ала келген наурыз мейрамы елімізге береке мен құт болып дарысын. Дүниені жандандырып жарқыраған кезі ұлыстың ұлы күнімен барша адамзатты қуана құттықтаймыз. Кешенімізде наурыз мерекесінің бастауы ретінде тәрбиешілер, ашық тәрбие сағаттарын өткізіп балаларды ұлттық ақ -тағамдарымен және көрісу, сырға салу, тұсау кесер дәстүрлерімен таныстырды. Қазақтың ұлттық әндері шырқалып керемет кешке ұласты.





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив