01
наурыз
2024
Алғыс айту күні !
Құрметті, Қазақ елі! Бүгінгі көктемнің алғашқы күні, яғни 1 наурыз «Алғыс айту» күні құтты болсын! Баршаңызға Алладан медет сұраймын! Алла амандық беріп, денсаулықтарыңыз мықты болып, көктемнен көктемге жете беріңіздер!
— Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямайық. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйренейік және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпайық.