2021-2022 оқу жылында атқарылған іс-шаралар қорытындысы. » Специализированный комплекс "Жанұя"
Коммунальное государственное учреждение
специализированный комплекс «Жанұя»
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(727) 291-16-68
Бухгалтерия
+7(727) 291-38-86
Версия для
слабовидящих
» » 2021-2022 оқу жылында атқарылған іс-шаралар қорытындысы.
14
ноябрь
2022

2021-2022 оқу жылында атқарылған іс-шаралар қорытындысы.

2021-2022 оқу жылында атқарылған іс-шаралар қорытындысы.
Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, дамыту бағытына байланысты.
   Қазіргі кезеңде егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бұл педагогика тарихы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр, себебі, білім беру жүйесі өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарды, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.
Тәрбиеші үшін ең басты мәселе – оқыту  мен тәрбиелеу әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар балалардың жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойынының дамуында басты рөл атқарады.
  «Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады» деген В.Сухомлинскийдің сөзін оқытушының талмай ізденген еңбегінің нәтижесінде ғана көрінетіні белгілі. 
Қазіргі кезде білім мен техниканың даму деңгейі әрбір балаға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Тәрбиеші баяндайды, әңгімелейді, түсіндіреді, ал бала тыңдайды, қабылдайды, ойлайды т.б, таным әрекетерін жасайды.
  «Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық» деген сөздерді ескере отырып, сабақтарымызда мүмкіншілігіне қарай инновациялық технологияны пайдаланып отырсақ тәрбиешінің ұтары мол деп ойлаймын. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану тәрбиешінің немесе басқада педагогтың  шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін.
  Менің   басты міндеттерімнің бірі – оқыту мен тәрбиелеудің  әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды қызметкерлерге меңгерту.
  «Жанұя» мамандандырылған кешенінде -  2022 жаңа оқу жылына арналған жылдық жоспар бекітілді.
Биылғы тәрбие жоспарымыздың мақсаты мен міндеттері: 
- Мәдениетті, рухани адамгершілігі мол, тән мен жан саулығы мықты, интеллекті жоғары, белсенді пайдалы іспен айналысуға қабілетті, әлеуметтік ортаға бейімделген, өзін өзі дамытуға, өзін өзі танытуға мүдделі әрі қабілетті тұлғаны тәрбиелеу;
-    Білім мазмұнын жаңарту жағдайында балалар мен оқушы жастарды тәрбиелеудің идеологиясы мен стратегиясын анықтау.
Міндеттер:
- «Балалар үйі жағдайындағы өмірлік өзіндік анықталудың рухани негзідері» тақырыбындағы бағдарлама жұмысын жалғастыру;
- Тәрбиеленушілердің спортта, көркемөнерде, қарым-қатынаста, күнделікті өмірде өзін-өзі көрсете алуына, өзінің мүмкіндіктерін ашуға қолайлы жағдай жасау, жетілдіру;
- Өзін-өзі басқару, қызығушылықтар бойынша құрылған клубтар арқылы балалар ұжымындағы шығармашылық атмосфераны ұстап тұру; 
"Жанұя" мамандандырылған кешенінде жалпы оқушы саны- 382, оның ішінде ұлы – 240, қызы -142.
Ата- ананың қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар саны- 95 бала.
Тәрбиешілер саны-52 ; оның ішінде: 
-жоғары санатты - 12 -бірінші санатты - 6 -екінші санатты - 9-санатсыздар саны - 19педагог модоратор -  4.

Үйірме жұмыстары:
- Ландшапты дизайн
- Тігу шеберханасы 
- Азпаздық өнер 
- Сурет салу үйірмесі 
- Домбра 
- Ән айту үйірмесі 
- Хореография (Би) 

 - Таэквандо 
- Джи-Джитсу
-  Ипотерапия 
 - Бассейн 
        Біздің тәрбиеленушілеріміз 24 сағаттың 6 сағатын мектепте өткізсе, 18 сағатын осы балалар үйінің  қабырғасында өткізеді. Сондықтан құрметті әріптестер жыл басында бекітілген жоспар бойынша күнделікті тәрбие-сағаттарымызды өткізіп, талдап, олардың ой-өрісін дамытып, тілдік қорын байытып отыратын болсақ, болашақтың бәсекесіне қабілетті XXI ғасыр шәкіртін тәрбиелеп, қоғамның мықты да білікті, жоғарғы мәдениетті, жан-жақты дамыған, шығармашылығы жоғары жеке тұлғаны қалыптастырып, тәрбиелейтінімізге нық сенімдімін.
          Әр ұстаз – ХХІ ғасыр мұғаліміне сай болу үшін – ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, жан-жақты шебер, тынымсыз еңбекқор, терең қазыналы білімпаз, кез-келген ортаның ұйытқысы болу керек.
         Ежелгі грек материалисі, философ Демокрит айтқандай, «Еңбек үздіксіз үйренгендіктің арқасында жеңілдей түседі». Олай болса, жас ұрпаққа үйретері мол аға ұрпақтың ісі өрге жүзіп, еңбектері үстем болсын.
Үнемі сыйлы, қадірлі, сүйікті болып, шәкірттерімізді білім нәрімен сусындатып, белестерге жете берейік. 
1- сентябрь



Осенний бал
Ұстаздар мерекесі!

Жаңа жыл Мерекесі!
С масленицей!
1 март "Алғыс айту" күні!
8 - март "Халықаралық әйелдер күні" мерекесі!
Туған күн кештерінен естеліктер!
Самгау!


АТ терапиясы!
Үйірме жұмыстары!
Кабинеттің ашылуы!
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив